Ақтөбе облысындағы кен орнында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көмек көрсетілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысындағы кен орнында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көмек көрсетілуде

17.05.2023

Ақтөбе облысындағы кен орнында болған өртте қайтыс болған жұмысшылардың отбасына 5 миллион теңгеден жұмыс беруші бөлетін болды. Бұл жайында облыс әкімі Астанада өткен брифингте айтты. Төтенше жағдай мамырдың 1-і күні болған еді. Кен орнына қарасты зауытта өрт шығып, 4 жұмысшы күйіп қалды. Оның екеуі ауруханада көз жұмды. Өрттің неден болғаны әлі белгісіз. Құзырлы органдардың тексеру жұмыстары жалғасуда.

Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі:

Мен барған бетте әрбір семьяға бір миллионнан ақша бөлгіздік. Қайтыс болған семьяларға қатысты 5 миллоиннан ақша бөлінетін болады. Сонымен қатар кәмелетке жетпеген баласы немесе ЖОО оқитын баласы болса арнайы пособия мемлекеттен қарастырылған.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу