Шайбалы хоккейде Қазақстан құрамасы Швейцариядан ұтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шайбалы хоккейде Қазақстан құрамасы Швейцариядан ұтылды

17.05.2023

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы Швейцариядан оңбай ұтылды. Қарсыластар жерлестеріміздің қақпасына 5 гол салды. Ал, ұлттық құрама жігіттері қанша тырысса да әрекеттері нәтиже бермеді.

Бүгін түнде Қазақстан құрамасы Канадамен кездеседі. Ойын елорда уақытымен 23:20-да басталады. Оны «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездескен. Барлық матчта канадалықтар жеңіске жеткен еді.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу