Мемлекет басшысы Қытайдың алып компанияларын Қазақстанға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қытайдың алып компанияларын Қазақстанға шақырды

18.05.2023

Бірлескен жобалар жүзеге асырылмақ. Мемлекет басшысы Қытайдың алып компанияларын Қазақстанға шақырды. Жиында энергетика, мұнай газ салаларына қатысты бірлескен жобалар жүзеге асу бағыттары қаралды. Президент мұнай экспортын ұлғайту үшін мұнай құбырларын көбейту жоспарланып жатқанын жеткізді. Екі ел энергетика саласын жаңғыртуға күш салып жатыр. Сонымен қатар электронды сауда саласында Қытаймен сауда алмасу ұлғаяды. Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағытта Қазақстан жана қоймаларды ашуға белсене кіріскенін жеткізді. Қытайлық кәсіпкерлерге тауарларды бізде сақтауды ұсынды. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу