Мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру үшін 70-тен аса арнайы зерттеу жүргізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру үшін 70-тен аса арнайы зерттеу жүргізілді

18.05.2023

Мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру үшін 70-тен аса арнайы зерттеу жүргізілді. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Мемлекеттік қызметтің үш тағаны: Меритократия. Адалдық. Инновациялар» конференциясында Астана мемлекеттік қызмет хабының басшысы Әлихан Бәйменов айтты. Қазір аталған хаб халықаралық деңгейде тәжірибе және білім алмасу орталығына айналып отыр. «Арнайы зерттеулер қорытындысы Үкіметке мемлекеттік қызмет саласындағы түрлі мәселелерді шешуге көмектеседі деп сенеміз», - дейді хаб өкілдері. Аталған саладағы мәселелерді талқылап, оны шешу жолдарын ұсынуға арналған конференцияға 30 елден сарапшылар жиналды.

Әлихан Байменов, Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы:

Ең өзекті мәселелер меритократияны қорғай білу. Ең білімді, ең білікті адамды іріктеп, жұмыста ілгерілету. Екінші жемқорлықпен күрес. Үшінші қоғаммен қарым-қатынасты нығайту. Себебі түбегейлі келгенде мемлекеттік қызмет халықтың сеніміне ие болса сонда Үкімет батыл қимылдай алады.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу