Ақтауда заңсыз салынып жатқан 46 тұрғын үй анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда заңсыз салынып жатқан 46 тұрғын үй анықталды

18.05.2023

Ақтауда салынып жатқан тұрғын үйлердің үштен бірі заңсыз болып шықты.

Мамандар нақты еш құжаты жоқ 46 нысанды анықтаған. Құрылыс компаниялары құрылысты заңсыз жүргізгенімен қоймай, тұрғындардан алдын-ала қаражат жинап алған. Қазір заңсыз салынған тұрғын үйлерді сүру мәселесі қаралып жатыр. Мамандар 14 істі сотқа жолдаған. Ал сүруге жататын кейбір тұрғын үйлерда тұрғындар тұрып жатыр.

Дәурен Өтепқали, Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы:

Біз әрбір тұрғын үйді жеке қараймыз. Бұл бағытта көптеген адамдар телефон шалып, бәрі сұрап жатыр, бұзылуға кете ме деп. Оның ішінде бұзуға кеткен материалдар бар. Не болмаса бұзуға кететін де материалдар бар. Рұқсат құжаттамасын рәсімдеп үлгеретін де материалдар бар. Әкімшілік шара қолданатын да материалдар бар.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу