Президент бірқатар ірі компания басшыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент бірқатар ірі компания басшыларымен кездесті

18.05.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапары аясында бірқатар алпауыт компанияның басшыларымен кездесті. Аспан асты елінің өкілдері «KAZ Minerals» кәсіпорнымен бірлесіп, Қазақстанда мыс балқыту зауытын салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру, Қазақстан-Қытай мұнай құбырының өткізу мүмкіндіктерін күшейту мәселелері қарастырылды. Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру жайы да талқыланды. «Huawei» мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания өкілдері теміржол желісін цифрландыру және жаңа технологияларды пайдалану жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру жоспары пысықталды. Мемлекет басшысы «Huawei» ақпараттық-коммуникациялық технологиялар академиясының базасында IT-технология саласы бойынша білікті қазақстандық мамандарды даярлау жөніндегі жобаны жүзеге асыруды құптады. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу