Солтүстік Қазақстан облысындағы 352 мектепте бала саны жетіспейді.
Өңірде барлығы 465 білім беру ошағы жұмыс істеп тұр. Теріскейге жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттары ауыл мектептерін аралап, ұстаздар қауымымен кездесті. Мұндағы басты проблема сапалы интернеттің жоқтығы мен материалдық-техникалық базаның нашарлығы.
Айжан Байбекова, Химия пәнінің мұғалімі:
Мынау реактивтердің барлығының срогы өткен. Көбісі реакцияға кіріспейді. Ал сабақта мен көбінесе виртуалды зертхана қылып өткіземін. Кабинетте де ешқандай техникалық құрал-жабдықтар жоқ.
120 оқушысы бар Архангелька ауылындағы орта мектепте сапалы интернет жоқ. Ал білім ұясының қазақ сыныптарында небәрі 30 бала білім алып жүр. Оқушы саны аз болғандықтан біріктіріліп оқытылады. Жалпы республика бойынша 190 мың бала шағын жинақты мектептерде оқиды. Сондай-ақ шалғайдағы елдімекендерде кадр тапшылығы мәселесі тағы бар. Әсіресе облыста ағылшын, математика, химия, биология сынды пән мұғалімдері жетіспейді.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қызылжардың ауылдағы орналасқан мектептерінің білім сапасын алып, оны Қызылорда, Түркістан немесе Ақтаудағы қаланың мектептерімен салыстырсақ, осы жердегі білім сапасы жоғарырақ. Жалпы ауылдағы мектептердің барлығының сапасы төмен деп айтуға болмайды. Бірақ негізінен балалар контингенті аз мектептердің проблемалары көп.
Эльмира Кәленова