Елімізде мектеп және балабақша директорлары тексеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде мектеп және балабақша директорлары тексеріледі

20.05.2023

Енді елімізде жеті жылдан аса уақыт мектеп және балабақшаны басқарып отырған директорлар тексеріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бір қызметте ұзақ жылдар бойы отыру жемқорлық тәуекелдерін арттыратын көрінеді. Себебі, кей мәліметтер бойынша конкурс рәсімдерінде, жұмысқа орналасуда, балаларды балабақшаға, мектепке қабылдау процестерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар екені белгілі болған, деді министр.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу