Маңғыстауда жастардың тың жобаларына қолдау көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда жастардың тың жобаларына қолдау көрсетіледі

20.05.2023

Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен барған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әр салада жүрген жастармен кездесті. Министр олармен сұхбаттасып, жастардың қолға алған жұмыстармен танысты. Сонымен қатар ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Дархан Қыдырәлі жастардың тың жобаларына мемлекет тарапынан әрқашан қолдау көрсетілетін жеткізді.

Марат Қаниев, Түпқараған ауданының тұрғыны:

Жастардың кездесуі тиісті бір нәтижеге, ынтымақтасу арқылы білгілі бір межеге қол жеткізеді деп ойлаймын. Қазақ үшін қызмет ететін азаматтарды қалыптастыру Үкімет пен жастардың саясатының бірлесуі нәтижесінде өнімді бола түспек.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Маңғыстаудың жастарында кәсіпкерлік бойынша, аити жоба бойынша сонымен қатар осы өңірге қатысты туризмге қатысты көптеген нақты жобалары бар. Сонымен қатар нақты ұсыныстар айтты. Біз Маңғыстау жастарының осындай жалынды, жігерлі жоспарларын көріп өзіміз де қуанып отырмыз.

Министр одан бөлек, облыстағы имамдар мен дін саласында жұмыс істейтін қызметкерлермен кездесті. Басқосуда сала мамандарының біліктілігін арттырып, әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, ғылымға атсалысып өңірден шыққан рухани тұлғалардың еңбектерін зерттеп, халыққа жеткізу туралы айтылды.

Ершат Оңғаров, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти:

Диструктивті дін атын жамылған ағымдармен жұмыс жасауда жұмыстар жүргізіп, оны жетілдірудің мәселелері көтерілді. Министр мырза өзінің тұшымды ойларын бөлісіп, және біздің дін қызметкерлерін жігерлендіріп, ынталандырып, мотивация айтып, терең-терең ойлар салды.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу