Биыл Қостанай облысында 40 мың адам жұмыспен қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Қостанай облысында 40 мың адам жұмыспен қамтылады

22.05.2023

Биыл Қостанай облысында 40 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Бір жарым мың адам қайта даярлаудан өтіп, кәсіби мамандық алып шығады. Мемлекеттің қолдауымен жүзеге асқан жобаның құны 159 миллион теңге. Ал Арқалық қаласында соңғы жылда төрт инвестициялық жоба жүзеге асты. Соның арқасында 100-ге жуық адам тұрақты жұмыс тапты. Жақында шағын шаһарда тағы бір кәсіпорын іске қосылды. Замануй цехта кемі 30 адам еңбек етпек. Мұнда жылына 30 мың дана конвейер шығыршығы өндіріледі.

Бейбіт Исабаев, жұмысшы:

Ескі станоктарда бір детальды жонып шығу үшін, кейде оны орнату үшінде 40 минуттай кетеді. Орнатуы, оның центрін табу көп уақыт алады. Мұнда әрі кетсе, бір детальды 5-10 минут жонып тастайсың.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу