Қызылордалық оқушы жаңа математикалық кесте ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық оқушы жаңа математикалық кесте ойлап тапты

23.05.2023

Қызылордалық оқушы жаңа математикалық кесте ойлап тапты. 6 сыныпта оқитын Роза Садық өлшем бірліктерін есептеудің оңай әдісін жасады.

Жаңа кесте «Зерде» республикалық ғылыми зерттеу жобаларының байқауында үздік деп танылды. Зияткер оқушыға ұстазы әрі жетекшісі Ғабиден Төлебайұлы бағыт-бағдар берген. Жаңа математикалық формулаға «Роза - өлшем бірліктер кестесі» деген ресми атау берілген.

Роза Садық, оқушы:

Ерекшелігі ұзындық, қашықтық, аудан, көлем, масса өлшем бірліктерімен есептегенде жеңіл. Екінші ерекшелігі, үлкен өлшем бірліктерді, кіші өлшем бірліктерімен өрнектеу. Алдағы уақытта екі жоспарым бар. Бірінші жоспарым осы өлшем бірліктері кестесін әрі қарай дамыту, жетілдіру.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу