Алматыда заңсыз салынған 120-ға жуық нысан анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда заңсыз салынған 120-ға жуық нысан анықталды

23.05.2023

Алматыдағы Іле-Алатау ұлттық паркі мен ерекше қорғалатын аумақтарда заңсыз салынған 120-ға жуық нысан анықталды. 150-ден астам ереже бұзылған.

Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады. Құзырлы орган осы аумақтарда құрылыс жүргізуге қатаң тыйым салынатынын атап өтті. Өйткені ол апатқа әкеп соғуы мүмкін. Бірақ соған қарамастан мемлекеттік мекемелер қауіпті аумақтарда нысан салуға келісім беріп келген. Тіпті кейбір жер телімдері инспекцияның келісімінсіз берілген.

Нұрсұлтан Жеделбай, қалалық прокуратураның ресми өкілі:

Наурызбай ауданында «Жайлау» шағын ауданында аумағы 13 гектар жеке тұрғын үй құрылысына арналған жалған әкімдік актілерінің күші жойылды. Онда тау бөктерінде аз қабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған болатын. Автокөлік жуу орындарының заңсыз жұмыс істеу фактісі анықталды. Ондай факт 29. Сондай-ақ өз мақсатында пайдаланылмаған 15 участке анықталды. Осы анализ құзырлы органдарға жолданды. Басқа фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу