Қызылорда облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуға бөлінген 852 миллион теңге талан-таражға түскен. Өрескел заң бұзушылық 2019-2021 жылдар аралығында болған.
Бүгінде бюджет қаражатын қайтару бағытында аудиттік тексеру жүргізіліп, келісім-шарттық құжаттардан бірқатар кемшіліктер анықталған. Әлеуметтік дүкендерге азық-түлік тауарларын сатқан «Алтын қамба» агроөнеркәсіптік комбинаты мемлекет қаражатын қайтармай қолды қылған. Енді мемлекет есебінен кеткен 852 миллион теңгені өндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Самат Ерниязов, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ төрағасы:
Алған адамдардың барлығы табылды. Солармен қазір зейнетақысы бар, кәсіппен айналысып жатқандары бар олардың счеттары бойынша соттың шешімімен ол ақшаларды өндіріп жатырмыз. Бүгінгі таңда 92 миллион өндіріліп алынды.
Әділбек Серікұлы