Тілсіз жау қостанайлықтарды да әбігерге салды. Мұнда өзен жағасындағы қамыс өртенді. Жағалауды қызыл жалын жайпап жатқаны жайлы төтенше жағдай қызметіне түс кезінде хабарланған. Бұл тұста өзенге төндіре салынған жер үйлер көп. Солардың шеткі оншақтысына қауіп төнгендіктен осында тұратын 35 адам дереу эвакуацияланды. Алайда төтенше жағдай қызметінің жедел қимылының арқасында көп ұзамай қауіп сейіліп, тұрғындар баспаналарына қайтты. От барлығы екі га-дан аса аумақты шарпыған. Кешкі сағат 5 кезінде өрт толық өшірілді. Әзірге тілсіз жаудан зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Оттың неден тұтанғаны анықталып жатыр.
Дәуренбек Әбдібек