Балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қойылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қойылмақ

24.05.2023

Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қойылуы мүмкін. Енді кәмілет жасына толмаған жеткіншектерге тик-ток, инстаграм, ватсап секілді платформаларға кіруі үшін ата-анасының рұқсаты қажет болмақ. 2023-2025 жылдарға арналған «Бала қорғау» атты кешенді құжаттың жобасы «Ашық» порталында жарияланды. Бұл балалар арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында жасалып отыр. Құжат қабылданса шектеу 2025 жылдың бірінші тоқсанынан бастап енгізілуі мүмкін.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу