Бүгін Абай облысындағы Бородулиха ауданында төтенше жағдай жарияланды. Ресей аумағынан басталған өртті мамандар 3 тәуліктен бері өшіре алмай жатыр. Тілсіз жау қарағайлы орманның 3500 гектарын жайлаған. Қызыл жалынмен күреске 600 адам, 130-дан астам техника жұмылдырылған. Кеше қосымша Астана, Қарағанды мен Павлодардан 200-ден астам адам мен 40-қа жуық өрт сөндіру көлігі көмекке келді. Өрт тікұшақтармен әуеден сөндіруге де ырық бермей тұр. Желдің екпіні және сулы-батпақты жерлер кедергі келтіріп, ауыр техниканың қозғалысын қиындатқан. Елдімекендерге әзірге келер қауіп жоқ. 277 тұрғын өз күштерімен қауіпсіз жерге кеткен. Төтенше жағдайға орай Бородулиха ауылында 330 орынға 3 эвакуациялық пункт дайындалды.
Димитрий Гариков, Абай облысы әкімінің орынбасары:
Жел күшейіп кетті. Қозданып жатқан жерлер қайта тұтанды. Желдің бағыты да солтүстікке ауысып Березовка ауылына қарай бағытталды. Сондықтан бар күшті салып жатырмыз. Мамандар күні-түні тоқтаусыз жұмыс істеуде.
Ержан Жақып