Суэц каналында қайраңда қалған жүк кемесі шығарылды. Алып су көлігі бірер минут бұрын қозғала бастаған. Гонконгқа тиесілі жүк кемесі кеше тоқтап қалған еді. Есесіне бұл жерден басқа кемелердің өтуі қиындады. Күні-түні жұмыс істеген канал әкімшілігі жүк кемесін әзер дегенде шығарды. Айта кетсек, 2021-жылы жүк тасушы басқа бір алып кеме осылай таяз жерге тұрып қалып, сауда жолын бөгеген еді. Соның салдарынан әлемде жүк тасымалы қымбаттап, мұнай бағасы шарықтаған.
Арай Төлегенқызы