Алматы көпір құрылымдары зауытында 42 метрлік көпір-арқалықтары шығарыла бастағаннан кейін елімізде көпір салу құны 15 пайызға арзандады. Оның баламасы, тіпті, ТМД-да жоқ. Сәйкесінше көрші елдер тапсырысты дәл осы зауытқа береді. Цехта бетонның беріктігі плюс минус 50 градуста 64 сағат бойы осылай сынақтан өтеді. Содан кейін ғана зауытта көпір-арқалық, шпал, баған сияқты 360-тан астам бұйым қалыпқа құйылып шығарылады.
Шухрат Шардинов, «АЗМК GROUP» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы:
«Батыс-Қытай Батыс-Еуропа» жолындағы 80 пайыз көпір біздің құрылымның көмегімен салынды. «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Шығыс және Батыс» жолдарында да біздің көпірлер орнатылған. Қазір «Достық-Мойынты» темір жолына темірбетон шпалдарды және «Қарағанды-Астана» жолына тауар жөнелтудеміз.
Мекеме толықтай автоматтандыралған, мың адамды жұмыспен қамтиды. Шикізат та 100 пайыз отандық.
Сунтао Сюэ, құрылыс компаниясының бас инженері:
«Талдықорған-Өскемен» жолын салуда біз осы зауыттан темірбетонды алдық. 3 көпірге 42 және 24 метрлі көпір-арқалық орнаттық, тексеруші органға тапсырдық, ешқандай шағым түскен жоқ.
Сондай-ақ зауыттан шыққан темірбетон тақтайшалары Шымкент, Ақтөбе, Астана және Талдықорғандағы әуежайдың ұшып-қону жолақтарына да төселген.
Әйгерім Ердәулет, тілші:
Зауыт Алматыда әне-міне дегенде ашылатын үлкен айналма жолдың бойындағы 30-дан астам көпірдің құрылысына қажетті мынау тіреуіштерден басқа тағы да бетоннан жасалған бұйымдарды жеткізіп отыр. Мамандар көпір мен жол айрықтар 70 жылға уақыт шыдас береді және 180 тоннадан астам ауыр жүк көліктерінің өтуіне мүмкіндік береді деп отыр.
Әйгерім Ердәулет