Күн жылынғалы Қостанай облысында кене шаққан адамдардың қатары көбейген. Соңғы бір аптада 37 оқиға тіркелсе, 1 айда 230-ға тарта тұрғын жәндіктерден зардап шеккен. Оның үштен бірі бала. Алайда мамандар бұл қалыпты жағдай деп отыр. Сондықтан зиянкестерді улау жұмыстары жүргізілмейді. Тек оларды жинап арнайы зертханада жұқпалы індетке қарсы тексереді.
Бауыржан Көпжасаров, «Ұлттық сараптама орталығы» МК Облыстық филиалы басшысы:
Бүгінгі таңда 12140 кене зерттелді. Барлық зерттеулер уақытында жүргізілді. Нәтижесі берілді. Соған сәйкес зерттелген кенелерден жұқпалы аурулар анықталған жоқ.
Дәуренбек Әбдібек