Швейцарияда сал ауруына шалдыққан адам жүре бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швейцарияда сал ауруына шалдыққан адам жүре бастады

26.05.2023

Швейцарияда 12 жыл бұрын сал ауруына шалдыққан адам қайтадан жүре бастады. Дәрігерлер оның миы мен жұлынына қоңдырғы орнатқан. Қадам жасағысы келгенде миындағы импланттың электродтары жұлындағы импланттың электродтарына белгі береді. Бұл байланысты 40 жастағы Герт-Ян Оскамның рюкзагына салынған компьютер қамтамасыз етеді. Оскам 2011 жылы велосипедпен жол апатына ұшырап, омыртқасы зақымданған. Содан бері аяғын қозғалта алмай қалған.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу