Күзде «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға өзгеріс енгізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күзде «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға өзгеріс енгізілмек

26.05.2023

Көпқабатты үйлердің 90 проценті әлі де пәтер иелері кооперативінің басқаруында. 6 мыңдай меншік иелері бірлестігі құрылған. Мәжіліс жанындағы қоғамдық палатаның өкілдері тұрғындармен кездесіп, көпқабатты тұрғын үйлерді басқару мәселелерін талқылады. Жиналғандар ПИК-тің жұмысын реттеуге қатысты бірнеше ұсыныс айтты. Күзде «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға өзгеріс енгізілмек. Жаңа құжатта пәтер иелері кооперативтеріне қатысты талаптар да жазылады.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» фракциясының мүшесі:

Әр үйдің, әр тұрғынның өзінің таңдауы болуы керек. Осындай жіті талқылаулардың нәтижесінде бір формаға келу. Яғни, біріншіден әр азаматтардың, тұрғындардың өзінің қалауы бойынша бірлестік құру. Екіншіден, ашықтық. Үшіншіден тиімділік.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу