Әлемнің 7 елінен 35 театр ұжымы қатысып, өздерінің таңдаулы қойылымдарын өнерсүйер қауымның назарына ұсынбақ. Ресейліктер «Чирик кердык ку-ку» спектаклін әкелсе, беларустық ұжым «Ржескийдің ұзын-сонар тарихы» қойылымын сахналайды.
Сондай-ақ, бірнеше тілде классикалық опера шырқалатын болады. Фестиваль соңы гала-концертпен қорытындыланбақ.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ