Ауылшаруашылығы министрі оңтүстік өңірлерді сумен қамту бойынша Экология министрлігімен бірлесе жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Трансшекаралық өзендерді пайдалану мен тіршілік нәрін көрші мемлекеттерден алу бойынша келісім жасалған. Бұған қоса суды үнемдейтін техникаларды сатып алу мен пайдалануға басымдық беріліп отыр деді ведомство басшысы.
Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Жаңбырлатып суару машиналарын қолдану кезінде, машинаны алған кезде шығындарды 50 пайызға дейін субсидияның көлемін көтердік. Фермерлеріміз инфрақұрылымды жүргізген кезде де жұмыстардың шығынын 50 пайыз мемлекет тарапынан өтейтін болады.
Дарын Сағитов