1 шілдеден бастап еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлем 14,5%-ға өседі. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Айта кетейік, VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы санаттағы тұлғаларды қолдау шараларын күшейтуді тапсырған болатын. Еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемді 92 мыңға жуық адам алады. Асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін жәрдемақымен 61 мыңдай отбасы қамтылады деп жоспарланып отыр.
Асылбек Данияр