Бұл Косовода серб шерушілері НАТО жауынгерлерімен және полициямен қақтығысты. 25 адам жараланған. Жараланғандардың барлығы – Солтүстік атлантикалық альянс сарбаздары. Шерушілер оларға газ шашып, граната лақтырған. Звечан қаласындағы жағдайдың мұнша шиеленісуіне әкімдікке этникалық албанның тағайындалуы себепші. Жергілікті сербтер көпшілігі оны отставкаға жіберуді талап етуде. Косоводағы ахуалға байланысты көршілес Сербия армиясы шекараға жақындатыла бастады.
Арыстан Рысбек