Қазақстандық ғалымдар Менделеев кестесіндегі 119 элементті жасап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық ғалымдар Менделеев кестесіндегі 119 элементті жасап жатыр

30.05.2023

Қазақстандық ғалымдар Менделеев кестесіндегі 119 элементті жасауда. Ресейдің Дубна қаласында орналасқан Біріккен ядролық зерттеулер институтында отандастарымыз ғылыми жұмыспен айналысып, инновацияның игілігін көруде. Жалпы халықаралық орталықта 7 зертхана бар. Онда түрлі бағыттағы жобалар жүзеге асады.

Индира Бегайдар, тілші:

Біріккен ядролық зерттеулер институты 1956 жылы құрылған. Сол уақыттан бері ұйымға Қазақстан да мүше. Қазір 16 мемлекетпен әріптестік орнаған. Инстиут құрамында 100-ден астам қазақстандық ғалым еңбек етуде. Олар дәл осы жерде тәжірибелік зерттеулер жүргізеді.

Менделеев кестесінде 118 элемент бар. Соның оны Біріккен ядролық зерттеу институтының зертханасында жасалған. Барлық жаңа элементтер жасанды түрде синтезделген. Мамандар алдағы уақытта 119 элементті шығаруға күш салып жатыр.

Ержан Мұхамеджанов, БЯЗИ ҚР Ұлттық тобының жетекшісі:

Аса ауыр элементтер фабрикасында зерттеулер жүріп жатыр. 118 элементтің химиялық қасиеттері зерттеліп жатыр. Осы Біріккен ядролық зерттеулер институтының бірнеше флагмандық жобалары бар.

Ал бұл - «Говорун» суперкомпьютері. Ол әлемдегі ең қуатты 500 есептеу машиналарының қатарына кіреді. Компьютер ядролық физика саласындағы теориялық және эксперименттік зерттеулерді едәуір жеделдетеді.

Ерсұлтан Арынбек, Нейтронды физика зертханасының қызметкері:

Бұл компьютерді құруда қазақстандық ғалымдардың үлесі де бар. Келешекте осындай суперкомпьютерді Қазақстанда құру жоспарда бар. Суперкомпьютерді ғылымның кез-келген саласында пайдалануға болады. Математикалық есептеулер, кез келген әсерлесулер, молекулалық динамика әсерлесуі.

Қазақстандық ғалымдар протон сәулелері мен гамма-терапевтік қондырғылардың биологиялық тиімділігін арттырудың түбегейлі жаңа әдісін ойлап тапты. Бұл тәсіл арқылы онкологиялық ауруларды емдеуге болады. Олар сондай-ақ мұнда радиациялық және радиобиологиялық зерттеулермен айналысады.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу