Атырауда пәтер өртеніп, 50-ден астам тұрғын эвакуацияланды. Оның 20-сы бала. Бесінші қабаттағы пәтерлердің бірінде тұрмыстық заттар жанған. Құтқарушылар тұрғындарды тез арада қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Өрт аумағы 30 шаршы метр. Жалын толықтай сөндірілді. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Жақсыбек Кемал