Риддерде екі жыл бұрын өртенген 270 га орман алқабын тазалау жұмысы аяқталды. Биыл көктемнен бері 100 га астам жерге көшет егілді. Межелі жұмысты мерзімінде атқару үшін орманшылар тапшы. Орнына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өрт шалған ағаштар кесіліп, күл-қоқыс толық тазаланған. Ретке келтірілген алқаптарға жас көшеттер егіліп жатыр. Талғат Шәріпханұлының айтуынша, 2021- жылғы алапат өрттен соң орманшылар бүгінге дейін бел жазбай еңбек етіп келеді.
Талғат Шәріпханұлы, орманшы:
Осы алаңдарда дайындық жұмыстарын жүргізіп, биылдан бастап, орман көшеттерін, отырғызып жатырмыз. Енді аманшылық болса, 5-10 жылдың арасында көшеттер өседі деп ойлаймын.
Көшеттер өсу үшін де машақаты көп. Бүршіктен бастап жас өскін болып шыққанға дейін орманшылар өздері баптайды.
Ерік Рамазанов, Риддер орман шаруашылғының директоры:
Сол бүршіктерді үгітіп, содан дән шығарамыз. Сол дәнді питомникте егіп үш жылдың ішінде міне қазір отырғызғандай өскіндер болып өсіп шығады. Одан кейін үш жылдан кейін тауға апарып алаңдарға отырғызамыз.
Риддер орман шаруашылығындағы 304 мың га алқапты 167 маман күтіп-баптап қадағалайды.
Олжас Керейхан, тілші:
2011 жылы да Риддер орман шаруашлығында алапат өрт болып, ол кезде 200 га жер күлге айналған.Дегенмен орманшылардың ерінбей еткен еңегінің нәтижесінде қазір ол қайта қалыпқа келді. Сол кезде еккен мынадай кішкентай көшеттер қазір адамның бойынан асады.
Олжас Керейхан