Ақтауда еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІІ жазғы универсиада ойындары өтіп жатыр. Жарыс алдағы бір ай бойы жалғасады. Онда үш мыңнан астам атлет спорттың 20 түрінен бақ сынайды. Биылғы доданың ерекшелігі – жарыстар олимпиадағыдай бір қалада өтеді.
Арайлым Ерғали, универсиадаға қатысушы:
Қазір біз үстел теннисіне жарысқа қатысып жатырмыз. Өзіміз кәсіби спортшы болмасақ та, осы жарыс басталғалы өзіміз күні-түні дайындалдық. Айта кетсек, қазіргі таңда өзіміздің нәтижеміз жақсы. Басқа командаларға сәттілік. Өзімізге жеңіс тілейміз.
Данияр Асылбек