Л.Месси «Әл-Хилаль» клубына ауысуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Л.Месси «Әл-Хилаль» клубына ауысуы мүмкін

30.05.2023

Лионель Месси «ПСЖ-мен» келісім-шартын ұзартпайтын болды. Ол маусым аяқтала салысымен клубтан кетеді. Тараптар келісімге келе алмаған. Оған Мессидің мамырда Сауд Арабиясына екі аптаға рұқсатсыз кету себеп болуы мүмкін. Шетелдік БАҚ-тардың жазуынша, аргентиналық футболшы екі шақырту алған. Бірі Сауд Арабиясының «Әл-Хилаль», екіншісі майамилік «Интер» клубы. «Әл-Хилаль», Месси келісе, екі жыл үшін 1,2 миллиард еуро төлеуге дайын екенін жариялады. Яғни жылына 600 миллион еуро. Бұл Криштиану Роналдудың қазіргі «Әл Насрда» алатын жалақсынан екі есе көп.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу