Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма кентіндегі жалғыз қазақ мектебі құлағалы тұр. Бірақ соған қарамастан биылғы оқу жылын 200-ге жуық оқушы тәмәмдап шықты. 50 жыл бұрын салынған ғимарат, бастапқыда балабақша ретінде берілген. Дәлізі тар, іші қараңғы, спорт залы мүлде жоқ. Жалпы 3-4 мыңға жуық тұрғыны бар Бұқтырма кентінде жаңа мектеп салу жөнінде шешім 8 жыл бұрын қабылданған. Жобалық құжаты да дайын. Алайда мектеп құрылысына қатысты мәселе тым созылып кеткен. Тек Бұқтырма кентіндегі ата-аналардың үздіксіз шағымынан соң, атқарушы билік мектеп салу мәселесін биыл қайта қолға алды. Алайда ата-аналардың үміттен гөрі күдігі басым.
Бақытбек Тәшірбаев, Бұқтырма кентінің тұрғыны:
Сол айтылып қалып қалмаса деп бәрі қорқып отыр. Бұл жерге қазақ мектебі керек. Мына жерде ауылдар бар ғой. Бәрін осында әкеледі. Қазақ ауылдар бар маңайда. Сол жерден әкеледі. Октьябрскіден, Селезневкадан әкеледі.
Саят Тойкенов, Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:
Жалпы жұмыстар басталған жоқ. Өйткені конкурстық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның аяқталуы 20маусымға бекітілген.
Олжас Керейхан