Президент Жазушылар одағының төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жазушылар одағының төрағасын қабылдады

31.05.2023

Жас қаламгерлердің шығармашылығына ерекше назар аудару қажет. Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновты қабылдаған Президент осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет тарапынан қолдау шаралары жалғаса беретінін айтты. Президенттің пікірінше, бүгінгі уақыт талабы басқа. Сондықтан шығармашылық ортаның жұмысы да бүгінгі заман талабына сай болуы керек. Кездесуде ел бірлігін нығайту, қоғамдық құндылықтарды дәріптеу ісінде қаламгер қауымның атқаратын рөлі сөз болды.

Мереке Құлкенов, Жазушылар Одағының төрағасы:

Сонымен бірге бізде мәдениет заңы қабылданған. Сол заңда қазақ әдебиеті туралы әңгіме аздау. Сол заңға өзгеріс енгізсек деген ұсыныс айттым. Қандай өзгеріс. Қазақ жазушылары, баспа, насихат және таралым деген.

Хабарламаларға жазылу