«БерӘлі» компаниясының бұрынғы бір топ қызметкері мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«БерӘлі» компаниясының бұрынғы бір топ қызметкері мәлімдеме жасады

31.05.2023

«БерӘлі» компаниясының бұрынғы бір топ қызметкері мәлімдеме жасады.

Олар өздеріне ұсынылған кәсіпорын өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларына сай келмейтінін және арнайы техникамен жабдықталмағанын айтады. Ал Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен «Өзенмұнайгаз» АҚ «Мөлдір Мұнай Сервис» компаниясын тексеріп жатыр.

Анықталған кемшіліктер жойылып жатыр. Айта кетейік, бұған дейін «БерӘлі Маңғыстау Company» серіктестігінің бұрынғы қызметкерлеріне жалақысын сақтай отырып, «Мөлдір Мұнай Сервис» компаниясына жұмысқа орналасу ұсынылған болатын.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу