Түркістан облысында егістік алқаптарына ағын су берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында егістік алқаптарына ағын су берілді

01.06.2023

Түркістан облысында судан тапшылық көріп келген Жетісай ауданына су берілді. 

Бір айдан бері жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан каналда үш насос іске қосылды. Нәтижесінде алты ауылдық округті ағын сумен қамтитын 13 каналға су жіберілді. Бірақ Мақтаарал мен Жетісай аудандарында әлі де мәселесі шешілген жоқ. Өйткені Тәжікстаннан Өзбекстан арқылы келетін Достық каналындағы судың көлемі небәрі 35 текше метр ғана. Ал жаз мезгілінде бұл аудандардың қажеттілігі 110 текше метрден артық. Сондықтан жуырда Үкімет мүшелері Тәжікстанға барып, суға қатысты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Ал оған дейін шаруалардың суды үнемдеуіне тура келеді.

Тұрғанбек Жүсіпов, шаруа қожалығының төрағасы:

Кешеден бастап 3 насос іске қосылды. Төмен жаққа 15-16 кубтей су тасымалдануда. Шаруа қожалықтарының атынан алғыс айтамын.  Қазір су егістік аумағына толықтай жетіп, халық сумен қамтамасыз етілді. 

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу