Қазақстан еркін экономикалық аймаққа бөлген қаражаттан пайда таппаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан еркін экономикалық аймаққа бөлген қаражаттан пайда таппаған

01.06.2023

Қазақстан еркін экономикалық аймаққа бөлген қаражаттан мүлде пайда таппаған. Керісінше, 10 есе ұтылған. Мәулен Әшімбаев бүгін Сенат отырысында осылай деп мәлімдеді. Оның дерегінше, бір Атыраудағы экономикалық аймақты салуға 162 млрд теңге жұмсалған. Алайда соңғы 10 жылда бұл аймақтан небәрі 16 млрд теңге салық түскен. Сондай-ақ мұндай қалашықтардың көбі тиісті инфрақұрылыммен қамтылмаған. Ал жобаға тек квазимемлекеттік сектор инвестор ретінде қаржы бөліп отыр.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Егер біз осындай үлкен аймақ салып, оған көп ақша бөліп, алған қайтарымымыз 10 пайыз ғана болса, одан бөлек ол жерге тек квазимемлекеттік сектор инвестиция салса, онда осы аймақтардан не пайда? Квазимемлекеттік сектор осы аймақтарсыз да инвестиция салар еді ғой.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу