Елдегі жетім балаларға жан-жақты қолдау көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі жетім балаларға жан-жақты қолдау көрсетіледі

01.06.2023

Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін пәтерлерді сатып алуға бөлінетін 100 млрд теңгенің 20 пайызы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі. Бұл туралы Үкімет басшысы елордада өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында айтты. Жүздесу барысында Әлихан Смайылов тәрбиеленушілерді балалар күнімен құттықтады. Соңғы 10 жылда еліміздегі балалар үйлерінің саны 41 пайызға, ал ондағы тәрбиеленушілер саны 65 пайызға төмендеді. Әлеуметтік осал санаттағы балалар үшін оқуға квота көзделген. Бүгінде ол бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының 1 пайызын құрайды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Мемлекет басшысы жетім қалған балаларды, жалпы балаларды қорғау мәселесіне үлкен мән беріп отыр. Қазіргі таңда осындай 116 балалар үйі бар бізде. Ол жерде 3700-дей бала тәрбиеленіп жатыр. Біздің мақсатымыз – алдағы 3 жылдың ішінде осындай балалар үйінің санын екі есе қысқартып, ол жердегі балаларды барынша отбасыларға орналастыру.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу