Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

02.06.2023

Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты. Тағы үшеуі ауыр жараланды.Олардың төртеуі Орал қаласынан Ақтөбедегі жоғарғы оқу орындарының бірінен дипломдарын алуға бара жатқан мұғалімдер екені белгілі болып отыр.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Олардың Орал қаласынан Ақтөбедегі жоғарғы оқу орындарының бірінен дипломдарын алуға бара жатқан педагогтар екені расталды.

Оқиға Самара-Шымкент автожолында болды. «Лада Ларгус» маркалы көліктің 27 жастағы жүргізушісі «Даф» жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 3 жолаушы сол жерде көз жұмды. Тағы бірі Қобда аудандық ауруханасында қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, аман қалғандарының да жағдайы ауыр. Олардың бірі көлік жүргізушісі. Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу