Ресейде құс тұмауы өршіді. Елдің 20 өңірінде ауру ошағы анықталған.
Индира Бегайдар, тілші:
Құс тұмауы Калининград, Ярослав облыстарында кеңінен тарап жатыр. Тіпті Ярослав облысында төтенше жағдай режимі жарияланды. Өйткені бір ғана ауданда 800 мыңнан астам құста қауіпті инфекция анықталып отыр. Карантин 21 тамызға дейін деп белгіленді. Жалпы Ресейдің Удмуртия, Коми республикаларында да жағдай мәз емес.
Геннадий Онищенко, инфекционист:
Ірі шаруашылықтардың барлығы тексеріліп жатыр. Біз білетін тұмаудан басқа өзге де штамдар тарауда. Ал оның барлығын әлі зерттеп үлгермедік.
Құс тұмауының өршуінен жұмыртқа мен құс еті бірден 50 пайызға қымбаттап кеткен. Ал мамандар жұмыртқаны тұтыну кезінде мұқият тексеру керек дейді. Өйткені Ресейде құс тұмауының адамға жұғу фактісі тіркелген. H5N8 вирусы тарап кетпес үшін, тұрғындарды вакцинациялау мәселесі де талқыланып жатыр.
Индира Бегайдар