Ерлан Қарин: Саяси реформалар өз жемісін бере бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин: Саяси реформалар өз жемісін бере бастады

05.06.2023

«Елімізде өте қысқа мерзімде жүзеге асырылған саяси реформалар аймақтағы бірегей құбылысқа айналды». Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деді.

«Бір жыл бұрын қазақстандықтардың басым бөлігі, яғни азаматтардың 77,18 пайызы референдумда Конституцияны өзгерту туралы заң жобасын жақтап дауыс берді. Конституцияға енгізілген түзетулер Президент, Парламент және сот институттарын реформалауды көздеді. Осылайша, Мемлекет басшысының 2022 жылдың 16 наурызында жарияланған Жолдауында айтылған ауқымды саяси жаңғыру бағдарламасы Конституциялық тұрғыдан бекіді. Бұл референдум Қазақстан қоғамы үшін маңызды оқиға болды. Ел дамуындағы жаңа кезеңге қадам бастық. Президенттің саяси жаңғыру бағдарламасын іске асыру жалғаса береді. Алдымызда аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы тұр». Мемлекеттік кеңесші телеграм парақшасына осылай деп жазды.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу