Үндістанда жойқын апат болып, бірнеше пойыз соқтығысқан теміржолда қозғалыс қайта жанданды. Жүк пойыздары жүре бастады. Рельстерді қалпына келтіру жұмыстары негізінен аяқталған. Мұны «Рейтер» агенттігі хабарлап отыр. Баласор қаласы маңында жұма күні үш пойыз соқтығысып, 275 адам қаза тауып, 1200-ге жуығы жараланған еді. Елдің теміржол министрлігінің мәлімдеуінше, бұл қайғылы оқиғаға дабыл жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін.
Арыстан Рысбек