Қандастар Ресейде ұлттық өнерді ұлықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қандастар Ресейде ұлттық өнерді ұлықтады

06.06.2023

Ресейдің Астрахань облысында 200 мыңға жуық қазақ тұрады. Шеттегі қандастарымыз ұлттық құндылықтарымызды сақтап, дәстүрімізді дәріптеп жүр. Қазақтың өнерін ұлықтап жүрген Астрахань облысының тұрғындарымен тілшіміз тілдесіп қайтты.

 Зейнолла Ибрагимов 30 жылдан бері домбыра жасайды. «Қазақтың жанына айналған ұлттық аспапқа Ресейде сұраныс жоғары»,-дейді ол. Шебердің қолынан шыққан домбыралары өңірдегі барлық мәдени орталықтарында бар. Кәсібінің нәсібін көріп отырған шебердің ендігі арманы – қазақ жастарына арнап үйірме ашу.

 Зейнолла Ибрагимов, шебер: 

Бір кісілердің домбыраларының пернесін, ішегін тағып, оңдап беретін едім. Өзімнің бір мақсатым болды-жақсы бір дұрыс жасауға. Негізі домбыраның сырын білгім келген. Домбыраның сыры көп қой, ағаштың да сыры көп.

 Астрахандағы өнер және мәдениет колледжі негізінен қазақтың төл аспабы домбыраны тереңдетіп оқытады. Сонымен қатар өңірдегі тұрғындар қазақ тілін меңгеруге аса мән беріп отыр.

Милат Сағидолла, студент:

Қазіргі таңда қазақ тілін үйренудемін. Қазақ тіліме деген қызығушылық өз елімнің тарихын білуге, өз ата-бабаларымның кім екенін білгім келгендіктен басталды.  Сол себепті  қазақ тілін үйренуге қызықтым.

 Астрахан өңірінде тұратын қазақтар «Жолдастық» ұйымын құрып, барлық ұлттық мерекелерді атап өтеді. Алдағы уақытта қазақ газетін шығаруды да қолға алмақ.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу