«Ролан Гарос» турнирінде тағы бір теннисші жарысты денсаулығына байланысты аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ролан Гарос» турнирінде тағы бір теннисші жарысты денсаулығына байланысты аяқтады

06.06.2023

«Ролан Гарос» турнирінде тағы бір теннисші жарысты денсаулығына байланысты аяқтады. WTA рейтингінде 66-орында тұрған Леся Цуренко әлемнің бірінші ракеткасы Ига ШвЕнтекпен болған ойында өзін жайсыз сезінген. Украиналық спортшының айтуынша, ол да Елена Рыбакинадағыдай ауру белгілерін байқаған. Мұрны бітеліп, бас ауруып, жүрек соғысы жиіліп кеткенін айтады. Енді үлкен дулыға жарысында өнер көрсеткен спортшылардың тапқан табысына тоқталсақ. Бірінші орында Юлия Путинцева. Табыс көлемі - 150 500 еуро. 142 000 еуро тапқан Елена Рыбакина жекелей сында үшінші айналымға дейін жеткенімен, сырқаттанып қалуына байланысты жарысты жалғастыра алмады. Александр Бублик - 77 500 еуро тапты. Ролан Гаррос турниріне алғаш рет қатысқан Тимофей Скатов бірінші кездесуінде жеңіліп 69 000 еуроға ие болды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу