«Терракот әскерлері» көрмесі Қазақстанда ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Терракот әскерлері» көрмесі Қазақстанда ұйымдастырылады

29.10.2015
«Терракот әскерлері» көрмесі Қазақстанда ұйымдастырылады
«Терракот әскерлері» көрмесі Қазақстанда ұйымдастырылады

Қытайдың әйгілі «Терракот әскерлері» көрмесін қазақстандықтардың да тамашалауына мүмкіндік туатын болды. Бүгін Қазақстан мен Қытай елдерінің Мәдениет министрліктері осындай уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл туралы kaznews.kaztrk.kz сайты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қытайдың Сиань қаласында екі елдің мәдениет саласына жауапты министрліктері арасында тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтау, жаңғырту және консервациялау мәселелерінде өзара ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойылған. Бұл келіссөздің ең маңызды қорытындысы ретінде 2017 жылы Астанадағы Ұлттық музейде «Терракот әскерлері» көрмесін өткізу туралы уағдаластық жасалғанын атап өтуге болады. Бұл шара EXPO-2017 көрмесі аясында ұйымдастырылмақ.

Жалпы, «Терракот әскерлері» көрмесі Қытай тарихына қатысты ең танымаа көрмелердің бірі. Әрі 2002 жылдан бастап бұл көрме әлемнің түрлі елдеріндегі музейлерде көпшілікке таныстырылып жүр. Бір атап өтерлігі «Терракот әскері» аталған археологиялық мұра Қытайды біріктірген император Цинь Шихуандидің зиратынан табылған мұралар. Ғұн патшасы Моденің замандасы саналатын Шинуханди б.з.б 246-209 жылдар аралығында билік құрған. Таққа отыра сала өзіне арнап кесене салғызған императордың зиратының төңірегінен 8099 түрлі мүсіндер шыққан еді. Бұл кешен 1974 жылы ашылды. Содан бері Қытайдағы туристерді ең қатты қызықтыратын тарихи орындардың біріне айналып отыр. Тағы бір атап өтер жайт, «Терракот әскері» табылған Шиань провинциясында түрлі деңгейдегі жүздеген пирамида бар. Оларды ғалымдар прототүркілік ескерткіштердің қатарына қосады.



Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу