Канада ауасы тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіріп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канада ауасы тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіріп тұр

07.06.2023

Канада ауасы тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіріп тұр. Елдің бірнеше провинциясында 150-ден аса өрт ошағы тіркелген. Одан шыққан түтін ауа сапасын нашарлатты. Ел астанасы Оттавада айнала қызғылт сары түске боялған. Дәрігерлердің айтуынша, түтін тыныс алу жолдарына әсер етіп, тіптен, қанға өтуі мүмкін. Сол себепті тұрғындарға респиратор тағып жүру, мейілінше үйден шықпау қажеттігі ескертілді. Жалынның өршуіне құрғақ ауа-райы, аптап ыстық ықпал етті. Жыл басынан бері мұнда 400-ден аса өрт ошағы тіркеліп, 220 мың гектардан астам аумақ күлге айналған.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу