Қордайлық тұрғын қылмыстық топпен сыбайласқаны үшін сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қордайлық тұрғын қылмыстық топпен сыбайласқаны үшін сотталды

08.06.2023

Жамбылда өзгенің мүлкін тартып алумен аты шыққан «Қоспаев» қылмыстық тобына көмек берген азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Қордай ауданының тұрғыны үш адамнан тұратын қылмыс топты қазақ-қырғыз шекарасы арқылы қашып кетуге көмектескен. Енді ауыл тұрғыны 2 жыл 6 ай өмірін темір торда өткізеді.

Қазан айында басталған тергеу ісі 7 айға созылды. Жергілікті тұрғын шекара сымын қию арқылы қылмыскерлерді айырқалпақты елге алып өткен. Ол жолнұсқаушы болуға алдын ала тыңғылықты дайындалғанын мойындаған. Қылмыскерлер тамыз айынан бері ұстатпай келеді. Ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық мүшесіне халықаралық іздеу жарияланған. Ал Қаржылық мониторинг агенттігі олардың жасырынған жері жайлы ақпарат айтқандарға қаржылай сыйақы беруге дайын.

Нұрлан Нарбаев, Қордай ауданы прокурорының орынбасары:

Өткізуге нақты 50 мың теңге ақшалай сыйақыға келіскені анықталған болатын. Мекенжайға барып, сол жерде қондырып, күткізіп, ертесі күні ыңғайлы жерін тауып, өткізгені белгілі болды.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу