Астанадағы халықаралық форумға АҚШ-тың бизнес саласындағы 40 жуық өкілі қатысуып жатыр. Олар бұл ауқымды шара шетелдік инвесторларға Қазақстанда кәсібін ашуға жол ашады деп сенеді. Бұл жөніндегі АҚШ-тың сауда палатасының аға вице-президенті айтты.
Хуш Чокси, АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті:
АҚШ-тан келген бизнес өкілдердің барлығы өз саласының көшбасшылары. Оларды энергетика, тау-кен өндірісі қызықтырады. Қазақстан бизнес жасауға қолайлы мекен. Сондықтан бұл ауқымды форум тек ақпарат беріп ғана қоймай, жаңа идеялардың туындауына да жол ашады деп сенеміз.
Самал Қабышева