Абай облысының «Семей орманы» табиғи реверватында тағы да өрт шықты. Қызыл жалын Бородулиха ауданындағы Батпаев орманшылығының аумағында тұтанған. Тілсіз жаумен күреске 60-қа жуық адам мен 20-дан астам техника жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды. Алдын ала болжам бойынша 0,3 гектар аумақ отқа оранған. Қазір өңірде ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтеріліп тұр. Өрт аумағы ұлғайып барады. Аптап ыстық тілсіз жаудың бетін қайтаруға кедергі келтіруде.
Ержан Жақып