Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен кездесті

09.06.2023

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен кездесті. Бұл банк Қазақстандағы түрлі жобаларға 8 миллиард доллардан астам қаржы бөлген. Осыны атап өткен Президент Қаржы институтының елімізбен серіктестігі жалғасын табады деп сенім білдірді.

Мұнан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Citigroup компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен кездесті. Халықаралық қаржы институтының еліміздегі қызметінің перспективалары айтылды. Қазақстанның қаржы секторындағы цифрлық трансформацияны дамыту ісінде бұл компанияның орны ерекше. Президент мұны жоғары бағалады.

Сондай-ақ Президент Polpharma SA компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесіп, компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ фармацевтика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.


Хабарламаларға жазылу