Гонконгтің Виктория айлағына екі ойыншық үйрек жіберілді. Оларды голландиялық суретші Флорентин Хофманн жасаған. Бұл өнер инсталляциялары Гонконгке сәттілік әкелсін деген үмітпен суға жіберіліп отыр. Сары балапандар Қытайдың бақыт пен достықты білдіретін «си» иероглифіне өте ұқсас. Резеңкеден жасалған үйректердің биіктігі – 18 метр. Олар Гонконг жағалауында екі апта жүзіп, кейін өзге елдерге аттануы мүмкін.
Арыстан Рысбек