Ғаламдық дағдарыс - Орталық Азия үшін жаңа мүмкіндік. Астана халықаралық форумында әлемдегі геосаяси шиеленістің салдарын зерттеген сарапшылар осындай пікір айтты.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Ресей мен Украина, оңтүстікке қарай Ауғанстанда қылпылдап тұрған тұрақсыздық экономикалық байланысқа айтарлықтай өзгерістер әкелді. Батыстың Ресейге салған санкциялары орталық Азияны да сырт айналып өтпеді. Керісінше тікелей әсер етті. Бұрын бұл елдер әлеммен Ресей арқылы байланысатын. Енді жаһанданудың жаңа жолдарын іздеу қажет болды. Мұны түсінген әлем елдері де Орталық Азия нарығын зерттеуге кірісіп кетті. Ірі компаниялар релокация жасауға мәжбүр.
Сарапшылардың пікірінше, ең ұтымды тұс осы жерде. Бұрын Ресей барлық салада дестребютер қызметін атқарған. Кез келген өнім алдымен Ресейге келеді, сосын Орта Азия елдеріне тарайды. Енді барлық елдермен тікелей байланыс орнату мүмкіндігі пайда болды.
Қазір тауар тасымалының жаңа, балама жолдары толық қалыптасқанша қиындықтар болуы мүмкін. Болып та жатыр. Алайда бір ізге келген соң бұл бағаны тұрақты ұстап тұруға ерекше тиімді болады. Одан бөлек әсіресе шығыс пен батысты байланыстыру тұрғысында Қазақстанның мүмкіндігі зор. «Бар күш жігерді осы бағытқа жұмсаса даму қарқынын еселеп арттыруға болады», - деді сарапшылар.
Оңғар Алпысбайұлы